Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев Республика күнімен құттықтады
Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Семей қаласының құрметті азаматы Зейнолла Тоқаев өңір жұртшылығын Республика күнімен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Ұлытауда өткен бірінші құрылтайда осы 25 қазанды Республика күні деп атасақ деген ұсыныс тастады. Ол кейін расында да арнайы күнге белгіленді. Қазір енді сол күнді атамақпыз. Бұл күнді әрине баға жетпес күн деп айтсам ешқандай артықшылығы жоқ. Өйткені, бұл күн оңайшылықпен келген жоқ. Енді оны ата-бабаларымыз көрмесе де, біз соны көруге тағдыр жазыпты. Біз бақыттымыз. Енді бұның барлығы бір күнде барлығы өзгеріп кетпейді, сөз жоқ. Дана халқымыз тегін айтпаған ғой көш жүре түзеледі деп. Енді қазір айталық жаңадан құрылып жатқан облыс, оның орталығы 25 жыл әбден ауырпашылықты көріп, иіле иіле, бірақ белі үзілген жоқ. Шыдады, ауыртпашылықты бәрін көрді, төзді. Енді осыдан былай қарай тек қана жақсылық болады деген ниеттеміз. Оған толық мүмкіндік бар. Бүгінгі күні сөз жоқ халықаралық жағдайға қарасақ ішіміз ауырады, қатты. Қазір енді біздің тереземіз БҰҰ-дағы 194 мемлекет болса сонымен тең. Сондықтан мен енді барлық тұрғындарды осы мерекемен құттықтай отырып, денсаулықтарыңыз зор болсын, ұзақ ғұмыр өмір сүріңіздер. Елімізді көркейту үшін ешқандай теріс ниетте, пікірде болмайық.Танысайық, табысайық дегендей. Әр уақытта бір қолдағы бес саусақ әртүрлі болғанымен бір жұмылдырықтай біріксек, бізді ешқандай жау алмайды. Келешегіміз жарқын болсын деп айтқым келеді», - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткіздіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі