Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Мерей Қарт Республика күнімен құттықтады

20-10-2023, 18:28 018.kz

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Мерей Қарт өңір тұрғындарын 25 қазан — Республика күнімен құттықтады.

«Әйнегі – күн,
Шатыры – аспан,
Кең далам асқақ.
Төсі толған егін,
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан – Республикам менің! Ия, Республика деген сөз өте құнды, өте мағыналы, өте жүректі қозғайтын сөз. Жаңағы жоғарыда оқып өткен Диқан Әбіловтың өлең жолындағыдай біздің тұтастай республикамыз, елдігіміз, тұтастығымыз, берекеміз осының барлығы республика деген сөздің аясына сыяды. Сондықтан мен осы еліміздің, егемендігіміздің, тұрақтылғымыздың, берекеміздің қазаны ортаймай, ары алға қарай еліміз әлі бірнеше мыңжылдықтарды еңсере берсін деп тілеймін. Өйткені біздің қазақ елі небір зұлмат кезеңдерден өтіп, небір қиыншылықтарды артқа тастаған елміз. Сондықтан, біздің елдің көрер бақыты, көрер жақсылығы алда деп ойлаймын. Сондықтан елдің болашағы, елдің алға қарай жылжуы одан сайын өркендей берсін, өне берсін, көктей берсін.Тәуелсіздігіміз тұрақты, еліміз қуатты, жұртымыз шуақты болсын», - деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив