Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші
Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады.
Семей қаласы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ерсінбек Өрлеубек барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады.
«Баршаңызға қайырлы күн. Құрметті қала тұрғындары, құрметті қала жастары,сіздерді 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Барлығымызға белгілі - 2022 жылы мемлекет басшысының жарлығымен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке деп белгіленген болатын. Бұл мерекенің қаншалықты маңыздылығы екені осы ұлттық деген сөздің өзінде тұр деп ойлаймын. Себебі біздің мемелкетімізде қанша мереке болса, соның ішінде жалғыз ұлттық деген статусы бар осы республика күні екен. Бұл мереке 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР- нің жоғарғы кеңесінде Қазақ КСР-нің егемендігі туралы декларация қабылдаған күннен бастап тойланып келеді. Яғни, бұл 25 қазан егемен Қазақстан мемлекетінің іргетасы қаланған күн деп барлығымызға белгілі. Бұл күн кешегі тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын деген Әлихандар армандаған күн. Бұл күн кешегі 86 жылы алаңға шығып, мұз үстіне от жаққан жастардың аңсаған күні. Ал осы бақытты күнді көріп отырған біз бақытты ұрпақпыз. Біздің бүгінгі міндетіміз - Мағжан сенген жастар болып, сапалы білім алып, саналы ұрпақ болып, ұлт мүддесі үшін қызмет ету. Барлықтарыңызды осы бір ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Егемендігіміз ғұмырлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын. Көк байрағымыз көк аспанда мәңгі желбірей берсін», - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіМемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзіШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзі