Абай ауданында қысқа қажет жем-шөп қорын дайындап жатыр
Абай ауданындағы негізгі саланың бірі - ауыл шаруашылығы. Жергілікті тұрғындар мал шаруашылығын дамыту бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Қазір ауданда 76 027 бас ірі қара, 125 033 қой, 55 125 жылқы бар.
Қысқы маусымға дайындық барысында Абай ауданында 120,7 мың тонна жем-шөп дайындалды. Осы бағытта ауданда 117 бригада, 215 трактор, 140 сүрлем жинайтын комбайн, 84 пресс, 142 тырма, 102 көлік, 365 жұмысшы жұмылдырылды.
Жергілікті шаруалар арзандатылған дизель отынын алу үшін «Госагро» порталы арқылы өтініш беріп, мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып жатыр. Бүгінде бес шаруа қожалығы арзандатылған 65 тонна жанар-жағармай алды.
Тағыда оқыңыз
2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайдыСемей қалалық мәслихатына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды — Е. ҚарашөкеевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҰлттық палатада қой шаруашылығын дамыту бағдарламасы талқыланды