Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Елордада мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшілер институтын дамыту мәселелері талқылануда

1-11-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) өкілдігімен бірлесіп, Астанада «Кеңесшілер институтын дамыту, сын-тегеуріндер және өсу аймағы» республикалық конференциясын өткізуде. Іс-шарада ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың, инклюзивті қоғам құрудың өзекті мәселелері және осы үдерісте өңір әкімдерінің мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшілерінің рөлі талқыланады.

Конференцияға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Кенжеғұл Сейтжан, Ажар Сағандықова, Динара Наумова, Ержан Бейсенбаев, Наурыз Сайлаубай, БҰҰДБ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің кеңесшілері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Іс-шара барысында мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі кеңесшілер институтының әлеуетін бағалайтын зерттеу нәтижелері таныстырылды, оны Еңбекмині мен БҰҰДБ бірлескен жоба аясында өткізген еді. Бұл институт ерекше қажеттіліктері бар адамдардың сындарлы сұраныстарына жедел ден қою мақсатында енгізілді.

2012 жылы алғашқы рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мүгедектігі бар адамдар істері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі тағайындалған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар жанында 120-ға жуық кеңесші бар.

Конференция барысында әлеуетті бағалау, озық тәжірибелер мен жетістіктер, перспективалар және кеңесшілер жұмысының одан әрі стратегиясы мәселелері белсенді талқыланды.

 «Кеңесшілер институтын енгізу мүгедектігі бар адамдардың мүдделері мен мұқтаждарын толық және жан-жақты есепке алу бойынша көбірек мақсатты шаралар қабылдауға жәрдемдеседі, олардың әлеуметтік интеграциясына ықпал етеді. Кеңесшілердің көпшілігі қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері болып табылады, сондықтан ел халқының жалпы санының 4%-ын құрайтын мүгедектігі бар азаматтардың мәселелерін тереңінен түсінеді», – деді өз сөзінде вице-министр Назгүл Сағындықова.

Мемлекет басшысы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және инклюзивті қоғам қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық мемлекеттік органдар мен қоғам тарапынан күш-жігерді шоғырландыру қажет.

«Біз инклюзия мен теңдік идеяларын ілгерілету ісінде одан әрі бірігуіміз қажет. Мемлекеттік органдар мүгедектігі бар қазақстандықтардың құқықтарын сақтау және мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдау деңгейінде үкіметтік емес сектор өкілдерін белсенді түрде тартуы қажет.

ЕХӘҚМ кеңесшілер институтының әлеуетін арттыруға, оның ішінде олардың құқықтық мәртебесін реттеуге бағытталған жұмысты жалғастырады. Біз өмірдің барлық салаларында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерінде ашық және сындарлы ынтымақтастықты қолдаймыз», – деп атап өтті Назгүл Сағындықова.

Бұл іс-шара мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі кеңесшілердің қоғамдық маңызды шешімдер қабылдаудағы және инклюзивті процесті дамытудағы рөлін күшейтуге жаңа серпін береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив