Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында еңбек қатынастарын реттеу қатаң бақылауда

2-11-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімдігінде әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа облыстық үшжақты комиссияның өкілдері, облыстық басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ кәсіпорын өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде кәсіпорындарда өндірістік жарақаттандырудың алдын-алу мәселесі, «Семей машина жасау зауыты» АҚ-да жалақы берешегін өтеу үшін қабылданған шаралар, кәсіпорындардың жалақысын көтеру, электрондық еңбек шарттарын енгізу және ұжымдық шарттар жасау мәселесі қаралды.

Отырыста Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев хаттамалаық тапсырма жүзінде 2023 жылдың 1 желтоқсанына дейін жұмыс берушілермен еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасау жөнінде ақпараттық жұмыс жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысының департаменті қала мен аудан әкімдерімен бірлесіп құрылыс компанияларында мұнара крандарын құрылыс алаңдарында пайдалану кезіндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

Бұдан бөлек, Бақылау (МСҚБ, еңбек инспекциясы) бөлімі «Семей машина жасау зауыты» АҚ-на жалақы берешегін өтеу жөніндегі меморандумды орындамағаны үшін «Oljakol» ЖШС-не қатысты сотқа талап арыз беру мәселесін қарастыру тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив