Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш кірген мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Ағымдағы жылдың 4 қазанында Әдеп жөніндегі уәкіл Азбергенов С. М. мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілермен Әдеп кодексінің, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының, сондай-ақ мемлекеттік қызметті реттейтін басқа да заңдардың талаптары мен нормаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сержан Мұхтарұлы мемлекеттік қызметші өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға, ресми ұстамдылық пен дәлдікпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуге тиіс екенін түсіндірді.
Әдеп жөніндегі уәкіл еңбек заңнамасының нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы мінез-құлқының негізгі қағидалары, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу, сыйлықтар мен басқа да игілектер алу, сондай-ақ заңда тәртіптік, әкімшілік құқық бұзушылықтардың көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтардың жасауға жол бермеу туралы мәселелерге егжей – тегжейлі тоқталды немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік қызметте болуға байланысты тыйымдар мен шектеулерді бұзудың, оның ішінде беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін салдары түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде қоғам тарапынан сын тудыратын материалдарды (бейне, аудио, әлеуметтік желілердегі фотосуреттер) жариялауға тыйым салу.
Әңгімелесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға қатысты мәселелер туындаған кезде Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіну ұсынылды.