Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

Семейде мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы жұмыс орны ашылды

18-10-2023, 11:58 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл ретте «Балғын – 2» оңалту орталығы мемлекеттік субсидия нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын құрып Алмас Амангелдіұлын жұмысқа орналастырды. Алмас Амангелдіұлы – І топ бойынша мүгедектігі бар, көпбалалы әке. Ол жоба аясында «Балғын – 2» оңалту орталығына вахтер ретінде жұмысқа қабылданды. Алдағы уақытта Алмас Амангелдіұлының үш жылға дейін жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Атап айтар болсақ, алғашқы 12 айда жалақының 70%-ы, 13 айдан 24 айға дейін - жалақының 65% -ы; 25 айдан 36 айға дейін - жалақының 60% - ы мемлекет есебінен төленеді. Биыл Абай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған 10 арнайы жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұған дейін, Бесқарағай ауданында жоба аясында алғашқылардың бірі болып арнайы жұмыс орны ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив