Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жол картасы аясында Шар қаласында 83 іс-шара жүзеге асырылады

5-11-2023, 10:32 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Шар қаласына келіп, бірқатар нысандарды аралап, олардың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ сапар барысында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен кездесу өткізіп, бекітілген әлеуметтік-экономикалық дамудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалармен таныстырды.

«Шар қаласында жедел шешілуді талап ететін мәселелер жетерлік. Бұл бағытта мемлекеттік орган өкілдері мен жергілікті азаматтардан құралған топ жұмыс атқарды. Нәтижесінде 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамытудың жол картасы бекітілді. Ендігі жұмыстар жүйелі түрде, жоспарға сәйкес жүргізілетін болады. Оны әзірлеуге жұртшылық пен қала тұрғындары қатысты», - деді аймақ басшысы.

Алдағы бес жылда Шар қаласында жалпы құны 18,6 млрд теңгені құрайтын 83 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 78 іс-шара республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Жалпы, Жарма өңірінде тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйелі жүзеге асырылып жатыр. 2023 жылдың басынан бері 216 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 8,2 мың ш.м Жарма ауданында. Көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға 90 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді.

Ауданның 21 ауылы мен Шар қаласында орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі және 26 блок-модульдік станция жұмыс істейді. Келер жылға дейін Сұлусары ауылында су құбыры желісін тарту, Жарықтас ауылында блок-модульдік станция орнату жоспарланған. Сонымен қатар, Жаңғызтөбе, Үшбиік, Қалбатау ауылына су құбырының желісін тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

 Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында ауданда 10 нысанның құрылысы жоспарланған.

Сондай-ақ 2024 жылы Қалбатауда 300 орындық мектеп салу жоспарланса, облысты дамытудың 2024-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 100 орындық 2 мектеп салынады.

Сонымен қатар, облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады. Барлық сұрақтарға толық жауап берілді және одан әрі іс-әрекеттер ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив