Абай ауданында үйден дауыс беретіндерге мүмкіндік қарастырылды
Бүгін ұлылар елі – Абай ауданында пилоттық режимде аудан әкімінің сайлау өтуде. Тіркелген 8597 сайлаушының 15-і себептеріне байланысты үйден дауыс беруге өтініш қалдырды. Олардың қатарында ғасырға таяған қариялар мен денсаулық жағдайына байланысты сыртқа шыға алмайтын азаматтар және мүгедектігі бар адамдар бар.
Тоқсан жасқа таяған зейнеткер Серікқали Дүйсенбеков бүгінгі саяси науқанның маңыздылығына тоқтады.
«Қарап отырсам бізде тоқсанға таман келіп қалдық. Абай ауданын басқарған бірқатар мықты азаматтар бар. Олардың қатарында Ақсуат өңірінен келген Кәрім Нұрбаев біздің ауданды бір көтеріп кетті, екінші өзіміздің ел ағасы, кешегі өткен – Хафиз Матаев. Барлығының мақсаты елдің береке-бірлігін сақтау болып табылады. Жаңа Қазақстанның бүгінгі жастарына Абай, Шәкәрім, Мұхтар аталарымыздай ұрпақ болуды нәсіп етсін», - деді ол.
Айта кетейік, аталған санаттағы азаматтарға учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері жедел қызмет көрсетуде.
Тағыда оқыңыз
Шәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі18 наурызда және дауыс беру күні кез келген үгітті жүргізуге тыйым салынады - Бас прокуратура