Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда туберкулезден болатын өлім 20%-ға төмендеді

6-11-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Осы аптада Алматыда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы 2023-2025 жылдарға арналған ҚР фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметтерін дамытудың Жол картасын және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қор жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырған «Туберкулезді жою» стратегиясы шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру бойынша әлеуетті арттыру» республикалық семинары басталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты нысаналы индикаторларды ескере отырып, туберкулездің ауыртпалығын төмендету бойынша іс-қимылдың сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады.

Семинардың жұмысына облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен фтизиопульмонология орталықтарының басшылары қатысады.

Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған туберкулезді диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолданудың арқасында елде көптеген жылдар бойы туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлімнің тұрақты төмендеуі байқалғанын атап өтті.

2023 жылдың 9 айындағы деректер бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 34,9-ды құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,1%-ға төмендегенін білдіреді (37,2), ал туберкулезден болатын өлім 100 мың тұрғынға шаққанда 1,2 құрады, бұл 2022 жылғы деректермен салыстырғанда 20%-ға төмендегенін білдіреді (1,4).

Спикер қауіп топтарын сапалы қалыптастыру, уақтылы тестілеу, туберкулез инфекциясын емдеу, сондай-ақ фтизиатриялық қызметтің кадрлық әлеуетін нығайту сияқты туберкулездің профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Семинарда өңірлердің туберкулезге қарсы бағдарламаның зертханалық компонентін тиісінше ұйымдастыру, белсенді туберкулезді, МСАК деңгейінде туберкулез инфекциясын анықтау жөніндегі іс-шаралар, халықтың негізгі топтарының арасында туберкулезді анықтау бөлігінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, ДДҰ-ның туберкулез індетін жою жөніндегі стратегиясын іске асыру мақсатында туберкулезге қарсы іс-шараларды жетілдіру бойынша одан әрі іс-қимылдар әзірлеу бойынша топтарда жұмыс жоспарланған.

Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде туберкулездің профилактикасы және емдеу жөніндегі іс-шараларды сапалы іске асыру туберкулез ауыртпалығын төмендетуге және еліміздің халқының денсаулығын жақсартуға әкеледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив