Отандық балық аулау саласында 12 мыңнан аса адам жұмыс істейді – салалық министрлік
Қазақстанда кәсіптік балық аулау негізінен Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында жүргізіледі. Соңғы 5 жылда пайдаланушылар өздеріне алған міндеттемелер шеңберінде саланы дамытуға 10 млрд теңгеден астам өз қаражаттарын салды. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында осындай мәлімет келтірді.
Оның дерегінше, елімізде балық аулау саласында 12 мыңнан астам адам нәпақасын тауып отыр.
«Бүгінгі таңда балық аулаумен 1300-ден астам пайдаланушы айналысады, оларға 2000-нан астам су айдындары мен учаскелері бекітіліп берілген. 2023 жылдың 10 айында олар шамамен 35 мың тонна балық аулады», – деп мәлім етті министр.
Ведомство басшысы келтірген мәліметке сәйкес, Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны және жергілікті маңызы бар 3000-нан астам су айдыны бар.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыЕліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды — Е. ҚарашөкеевЕліміздің диқандары 16,4 млн тонна астық бастырды2023 жылғы жалпы егіс алқаптарының көлемі 23,4 млн гектарды құрайды