Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

10-11-2023, 14:59 018.kz

Бас прокуратурамен Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, 27.10.2023 жылы сотқа жолданды.

Бұрын хабарланғандай, 08.06.2023 жылы Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ-де орман өрті орын алды.

Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған.

Тергеп-тексерумен анықталғандай, өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болған.

Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады.

Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан.

«Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Экология және табиғи ресурстар және төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив