Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әкімдіктердің жұмысына деген халықтың қызығушылығы артқан

13-11-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген зерттеуге сәйкес, азаматтардың 68,9%-ы өңірлеріндегі әкімнің кім екенін біледі. Басым көпшілігінің (66,5%) әкімдік жұмысына көңілі толады. Олар облыс әкімімен байланысудың ең танымал құралы әкімдік қабылдауына хабарласу екенін айтты.

Сауалнама қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл күйін анықтауға, жергілікті атқарушы органдардың қызметін және мемлекеттік институттарға сенімін бағалауға және елдегі қоғамдық-саяси жағдайды зерделеуге бағытталған.

Зерттеу кезінде ақпарат жинау үшін «face-to-face» сұхбаты арқылы халыққа жаппай сауалнама жүргізу әдісі қолданылды. Сауалнама жынысы, жасы, өңірі және тұрғылықты жері бойынша Қазақстанның ересек тұрғындарын (18 жастан асқан) қамтитын ұлттық іріктеу негізінде жүргізілді. Респонденттердің саны – 2400 азамат.   

Айта кетейік, әлеуметтанулық зерттеу аумағы Қазақстанның барлық өңірін:  республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын, 17 облыс орталығын, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді қамтыды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив