Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның екі өңірінде қоныс аударушылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды

13-11-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар, қандастар мен олардың отбасы мүшелері үшін бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Оның шеңберінде республиканың солтүстік өңірлерінде бейімделуі мен интеграциялануына және жаңа тұрғылықты жерде қалуға ықпал ететін ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтері іске асырылатын болады.

Бейімдеу және интеграциялау қызметтері ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік шараларына қатысуға ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтініш білдірген кезден бастап көрсетіледі. Мансап орталығының қызметкері қоныс аудару өңірлеріне қоныс аудару шарттары бойынша алғашқы консультацияны және қажетті құжаттардың тізімін ұсынады.

Қоныстандыру өңірін айқындау алдында қоныс аударушыға не қандасқа: өңірлік квотаға енгізу туралы, қоныстандыру үшін қолжетімді өңірлер туралы, уақытша орналастыру орталықтарының қызметтері, бейімделу және интеграциялау қызметтері және басқа да қолдау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат беріледі.

Құжаттарды қабылдау «Қандас» немесе «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта жүргізіледі.

Одан кейін қоныс аудару өңірінің мансап орталығы қоныс аударушымен және/немесе қандаспен бірлесіп бейімделу және интеграциялау бойынша жеке жоспар қалыптастырады, оған сәйкес жаңа тұрғылықты жеріне көшу және қоныстандыру үдерісі өтеді.

Аталған жоспар мынадай іс-шараларды міндетті түрде регламенттейді:

    1) қоныс аудару өңіріне көшу және орналастыру (келу күні, тасымалдау түрі, келетін отбасы мүшелерінің саны);

    2) материалдық көмекті, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификатын ресімдеу; 

    3) тұрақты жұмысқа орналасу, сондай-ақ қажетіне қарай кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру;

    4) экономикалық мобильділік сертификаты арқылы төлемдер жүргізе отырып, отбасының тұруы үшін тұрғын үй іздеу және іріктеу;

    5) отбасы мүшелерін бейімдеу және интеграциялау.

Қоныс аударушының немесе қандастың, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің тұрғылықты жері өзгергеннен кейін бес жыл ішінде мансап орталығының мамандары бейімдеу мен интеграциялау барысына мониторинг жүргізетін болады. Ол үшін Отбасының цифрлық картасынан алынған деректер және әлеуметтік әл-ауқатты қадағалауға арналған арнайы мобильді қосымша пайдаланылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Өскемен қаласының мансап орталығының қызметкерлері үшін пилоттық жобаны іске асыру бойынша оқыту өткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив