Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысының елді мекендері кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етіледі

14-11-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімдігінде Абай облысы әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Топ құрамына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Телекоммуникациялар комитетінің, байланыс операторлары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.

Жұмыс тобының бірінші отырысы барысында тұрғындарды мобильді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында интернет желісінің антеннасы құрылымдарын орнату мәселесі талқыланды. Абай облысындағы туристік нысандарындағы коммуникация мәселесі де қарастырылды.

Айта кетсек, ҚР Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті.  Ұлттық жобаға облыстың 172 ауылдық елді мекені кіреді. Жобаны жүзеге асыру Абай облысындағы елді мекендердің 90%-н кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив