Семей қаласында еңбек адамын таныту басты назарда
«Жанұя» орталығында Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек адамының оң имиджін қалыптастыру» тақырыбында жиын өтті.
Шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары З. Мұстафина, Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Д. Үкіжанов, «Соц KZ» ҚҚ директоры Ә. Қадырғалиев, «Отбасы орталығы» ҚҚ Президенті Ж. Жибраева, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Ф. Оңғарова қатысты.
Семей қаласының жастары арасында құқықбұзушылық деңгейі, оның ішінде есірткі қылмысының төмендегені байқалады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі хабарлады.
Жиынға қатысушылар еңбек адамының оң иммиджін қалыптастыру бойынша өзара пікір алмасып, БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.