Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

«Қалбатау — Көкпекті — Зайсан» тас жолы қашан пайдалануға беріледі?

27-11-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов пікір білдірді.

«Қалбатау - Көкпекті - Зайсан жолын жөндеу мәселесі менің тарапымнан Парламент Мәжілісінде бірнеше рет көтерілді. Үкіметке депутаттық сауал жолданды. Парламент Мәжілісіндегі Экономикалық реформа және өңірлік комитетінің кеңейтілген отырыстарында көлік министрлігі және «Қазавтожол» Ұлттық компаниясының басшыларымен жан-жақты талқыланды. Шешім қабылданды. Биыл бұл жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолдың жағдайын, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бірнеше рет барып көрдім. Көкпекті және Ақсуат аудандарының ауылдарында халықпен кездесулер өткізгенде де бұл жолды жөндеу мәселесі халықтың тарапынан жиі көтерілді. 2024 жылы бұл жолды жөндеу жұмыстары жалғасады, асфальт төселіп,қозғалыс ашылады. Бақылауға алынды», — деді ол.

Айта кетейік, ел аузында 92 атанып кеткен Аягөз — Үржар бағытындағы айналма жол толықтай ашылып, қолданысқа берілгенін кеше хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив