Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында облыстық семинар өтті

23-11-2023, 18:40 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың  23 қарашасында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Салауат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дін және халықтық дәстүрлер» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлер үшін облыстық семинар-тренинг өтті. Шара С. Нәрікбаев атындагы KAZGUU University «Ислам құқығы» орталығының басшысы, теолог Асқар Қалымжанұлы Сабдин және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Абай облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Сабалакова Алуа Укошқызының тренерлігімен жүргізілді.

Аталған іс-шараға ҚАЖД қызметкерлері, Абай облыстық ақпараттық түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері, білім бөлімі, білім басқармасы, құқық қорғау органдары өкілдері, жастар ресурстық орталығы, Абай облысы Полиция Департаменті мамандары және облыстық, қалалық мектеп мұғалімдері, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Шараның басты мақсаты дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, азаматтық белсенділікті дамыту және қоғамның тұрақтылығын нығайту.Діни экстремизм, терроризмнің себеп-салдары және оның алдын алу.

Семинар-тренинг мектеп мұғалімдері үшін сағат 10:00 де, мемлекеттік қызметкерлер үшін 14:30 да өтті. Шалғай аймақтар үшін ZOOM платформасы арқылы өткізілді. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив