Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Биылғы жылы қалада алғаш рет Семей қаласы суретшілерінің "Менің қалам" қалалық вернисаж-конкурсы өткізіледі

30-11-2023, 13:58 018.kz

Семей қаласының бай тарихы бар. Көркем табиғат, тарихи тұлғалар, ескі сәулет – мұның бәрі әрқашан шығармашылық зиялы қауымды шабыттандырды.

 “Менің қалам" вернисаж байқауы-бұл ең алдымен суретшілерге өз туындыларын көпшілікке көрсету, көрерменнің реакциясын білу, дамуға серпін алу, өзін-өзі жүзеге асыру, қаржылық және материалдық қолдау алу мүмкіндігі.

Қылқалам шеберлеріне шығармашылық үшін орын және жұмыс материалдарын бере отырып, біз суретшілер шығармашылығының объективі арқылы қаланың тарихы мен өмірін түсіндіретін көркем шығармаларды көруге мүмкіндік аламыз.

Өткізілетін орны – «Семей қаласының Мәдениет сарайы» КМҚК, Абай облысы, Семей қаласы Б. Момышұлы көшесі, 43 үй – 1 - 6 желтоқсан;

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив