Абай облысында Халықаралық еріктілер күні аталып өтті
Семей қаласында «Кең жүрекпен» еріктілер форумы өтті. Салтанатты шара барысында 2023 жылы атқарылған жұмыс нәтижесі таныстырылды.
Адал еңбектеріне алғыс ретінде еріктілерге алғыс хаттар табысталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Облыстағы волонтерлік ұйымдар өз қызметімен ғана шектелмейді. Олар балалар үйімен және түрлі орталықпен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер қоғамдағы жұмыстардан тыс қалмай, әрқашан береке-бірліктің және қамқорлық пен қолдаудың нағыз үлгісін көрсетіп келеді.
Жастар орталығының мәліметінше, Абай облысында 4 мыңға жуық ерікті бар.
Сондай-ақ волонтерлік бағытта жұмыс істейтін 8 қоғамдық бірлестік, оқу орындарында орналасқан 23 волонтерлік ұйым және 19 бастамашыл топ тіркелген. Жыл басынан бері облыста 458 волонтерлік іс-шара ұйымдастырылып, оған 4500-ден астам жас тартылды.