Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысының оқушысы барлаушы әскери техниканың үлгісін ұсынады

7-12-2023, 11:18 018.kz

Семей қаласындағы Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушылары Раджан Кадильбеков, Бекнұр Сарсембеков жоғары дәлдіктегі қарудан қорғауға арналған оқ-дәрілері бар барлаушы әскери техника үлгісін жасады. Техника қашықтан басқарылатын көліктің іш құрылысы мен қолданыстағы материалдардан жасалды. Оқушылар үш ай уақыт көлемінде дайындаған барлау техникасы арқылы жау туралы ақпаратты базаға жеткізуге болатынын дәлелдеп көрсетті. Жау техниканы байқаған кезде құралда жасырын түтіншесі қосылады, сол арқылы барлау жұмыстарын жасырын жүзеге асыруға болады. Түтін шығатын түтікше қашықтан қосып, басқаруға болатындай етіп орналастырылған.  

Оқушылар жұмыстары арқылы әскерлерді озық қару-жарақты басқару жүйелерімен жабдықтауды көздеген. Авторлардың айтуынша, бұл техника әскери қауіптерге қарсы әрекет ету үшін мемлекеттің әскери әулетін арттыруға көмектеседі. Әскери броньдалған техниканы барлау жүргізу үшін және  адамдарды, жабдықтарды, маңызды тыл объектілерін қорғау мақсатында  қолдануға болады.    

Жол талғамайтын көлік ауқымды жауынгерлік тапсырмаларды атқара алады. Сондай-ақ жаңа техниканың артықшылығы - әртүрлі климат пен температураға төзімді, электромагниттік сәуле спектрының  арқасында жасырын барлау жүргізе алады, шабуыл дәлділігі арқылы оқ-дәрілерді тұтынуы азаяды, бұл дегеніміз мемелкетіміздің экономикасына үлкен пайдасын тигізеді.  

Жас өнертапқыштар заманауи барлаушы көлікке мектеп аумағында эксперимент жасап көрген. Білім ошағы маңындағы кедергілерді анықтап, ақпарат жеткізуде нәтижелі жұмыс көрсетті.  

Болашақта пилотсыз басқару арқылы ақпарат алу, жау техникалары туралы мәліметті біліп отыру, әр түрлі қашықта көру азимутын бағыттап жеткізуді жоспарлап отыр.

Жетекшілері информатика пәні мұғалімі Калбагаева Мадина Сейсенбековна.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив