Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Ғимараттар мен үй-жайларды жалға беру ережесі бекітіледі

7-12-2023, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 422 «Ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын және олардағы әскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірледі.

Нормативтік құқықтық актіге бұйрықтың орындалуын бақылау жүктелген лауазымды адамды айқындау бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Ол сондай-ақ жалға алушының жалға берілетін ғимараттар мен үй-жайларды жалға берушіге жалға беру және беру мерзімдерін нақтылайды, коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды төлеу тәртібін айқындайды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 21 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14831340 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив