Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қарауыл ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижесі

11-12-2023, 11:18 018.kz

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 10 желтоқсанда Абай ауданының Қарауыл ауылдық  округі әкімінің сайлауы өтті.

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының Қарауыл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қарауыл сайлау округі бойынша Қарауыл ауылдық округі әкімінің сайлауы 

Қарауыл сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3800 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 1900 дауыс берді.

Қарауыл ауылдық округінің әкімі болып Ерік Нұргелдыұлы Дүйсембеков сайланды, 1990 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2023 жылғы 11 желтоқсандағы шешімімен Абай ауданы Қарауыл ауылдық округі әкімі болып сайланған – Ерік Нұргелдыұлы Дүйсембековты тіркеді.

Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив