Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде баласынының аты-жөнін дәстүрге сай жаздырған ата-аналарға сыйлық табысталды

13-12-2023, 12:46 Сабина Әлібек

Семей қаласынын әкімдігі ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, «Есімің мен тегің - сенің ұлттық келбетің» атты акция ұйымдастырды. 

Акция аясында, аты-жөні қазақы дәстүрмен жазылған сәбилердің аттары аталып, ата-аналарына сыйлық табысталды.

Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халкының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне арналдыру. 

«Бүгінгі күні тенденция өте үлкен, ұлты қазақ азаматтары ешқандай -ов, -ев жалғаусыз бірден мемлекеттік, ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөнін беріп жатады. 2023 жылғы дүниеге келген 5504 сәбидің өзі осы мемлекеттік тілде, дәстүрге сай атау берген екен. Соның ішінде 50-ге жуық сәбиді бүгін, міне  осы мерекенің алдында құттықтау мақсатында жинап отырмыз», - деді Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Бахатова.

Акция жыл сайын еліміздің барлық облыстары мен қалаларында тұрақты түрде өтіп келеді. Биыл Семей қаласында бұл шара еліміздің тәуелсіздік күні аясында өтті. 2022 жылы акция аясында 16 жасқа толған азаматтар марапатталса, бүгін жас сәбилерге көңіл бөлінді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив