Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Семейде Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтті

14-12-2023, 11:18 018.kz

ҚР-ның Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Еліме тағзым» атты шығармашылық кеші өтті.

Ән өнерінде өзіндік қолтаңбасы, қайталанбас мәнері қалыптасып, сол арқылы әр қазақтың жүрегінен орын алған Төлеген Мұхамеджанұлының өнерсүйер қауым үшін орны бөлек.

Мерейтойлық кеште арнайы қонақ ретінде Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев, күйші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айбек Бекбосын, Халықаралық конкурстардың лауреаты Дильназ Омарханова өнер көрсетті. Сонымен қатар Абай облысы әкімінің эстрада-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен «Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының» әртістері де өз өнерлерін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінде шығармашылық кешін өткізген танымал сазгер биыл 75-ке толып отыр.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив