Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
495.1 583.72 6.46

Шар қаласының тұрғындары облыс орталығына қолжетімді бағада жетуге мүмкіндік алды

15-12-2023, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін «Шар — Семей» бағытындағы тікелей пойыз «Семей» теміржол бекетіне алғашқы жолаушыларды тасымалдады. 

Пойыз билетінің құны бір адамға 557 теңгені құрайды. Ол аптасына 6 рет жүреді. Аталған бағыт аралығындағы станциялардың барлығына тоқтайды.

Сондай-ақ, бүгін «Ақтоғай — Аягөз» бағытындағы тікелей пойызда іске қосылды. Ол аптасына 5 рет қатынайды. Билет құны — 650 теңге. 

Айта кетейік, келесі жылы «Семей — Дегелең», «Семей — Аул» бағытында пойыздар жүре бастайды. Халықтың сұранысына қарай басқа да бағыттар қосылуы мүмкін.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив