Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Болат Төкежанов ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

16-12-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығымен Болат Тұрғанұлы Төкежанов ведомство аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Болат Төкежанов 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы ШҚО Ұлан ауданы «Обуховский» совхозының жұмысшысы болып бастаған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан облыстық салық инспекциясы сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің салық инспекторы болды.

1995-1996 жылдары – Шығыс Қазақстан облыстық салық инспекциясының бірлескен шетелдік кәсіпорындарға салық салу секторының аға инспекторы.

1996-1997 жылдары – Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімінің қаржы-экономикалық бөлімінің жетекші маманы.

1997-1999 жылдары – Міндетті медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімі Қаржы басқармасының басшысы - директордың орынбасары.

1999-2000 жылдары – Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінде басшылық қызметтерді атқарды.

2000 ж. – «Денсаулық» РМҚК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры.

2001-2003 жылдары – ШҚО «Ақпараттық-медициналық орталығы» ММ директоры.

2003-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.

2014-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Дүниежүзілік банк жобасының «ҚР Денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» ұлттық үйлестірушісі (жетекшісі).

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

2019-2020 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметітк даму министрлігі мен Дүниежүзілік банктің «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының ұлттық үйлестірушісі (жетекшісі).

2020 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды.

2022 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Бұған дейін ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болған Анархан Дюсенова қызметінен босатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив