Шалқар Байбеков Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімен, облыс әкімінің өкімімен Шалқар Заманбекұлы Байбеков Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Байбеков Шалқар Заманбекұлы 1967 жылы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару Академиясын «Экономист» мамандығын, кейін Қазақстан мемлекеттік заң Академиясының «Заңгер» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық Мемлекеттік сақтандыру инспекциясының аға инспекторы болып бастады.
1988-1999 жылдары Семей қаласы және Семей облысының салық инспекциясының бас мемлекеттік инспекторы, бөлім бастығы, Салық инспекциясының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
1999-2014 жылдары Павлодар қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша, Қарағанды облысы бойынша, Астана қаласы Есіл ауданы бойынша Салық комитеттерінің төрағасы қызметінде болды.
2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2017-2019 жылдары Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары,
2019-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
2022 жылдың шілде айынан Абай облысы әкімінің орынбасары болды.