Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейдегі мектептерде қашықтықтан сабақтар кедергісіз оқытылып жатыр

13-12-2023, 15:37 Думан Кенжеғазыұлы

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес Семей қаласының білім беру ұйымдарында оқушылардың қашықтықтан оқытуы ұйымдастырылды.

Сабақтар, сынып сағаттары синхронды және бейсинхронды форматта өтеді.

Мектеп әкімшілігі мектепішілік бақылауды оқу сабақтарын, сынып сағаттарын өткізу барысын, оқушылармен кері байланысты сабақтар мен сыныптық іс-шаралардың сілтемелері, «Күнделік» электрондық журналының мониторингі, білім беру платформалары арқылы жүзеге асырады. Ауа-райына қарамастан, оқу-тәрбие процесі жалғасуда, оқушыларды үздіксіз оқыту және тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив