Семейде жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жанды
Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында басты жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағуға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала активтері қатысты.
Шырша шамдарын жағу салтанатында концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым қойылып, ән шырқалды. Қаланың бас шыршасы биіктігі -19 метр. Шыршаға 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар және 100- ден аса ойыншықтар ілініп, аяз ата мен ақшақардың мүсіндері қойылды. Ал, қаланың сол жағалауындағы Әуезов алаңына 18 метрлік шырша орнатылды.
Биыл Семей қаласы 25 жылдан кейін екінші мәрте жаңа жыл мейрамын атап өтеді. Сондықтан қала әкімдігі жаңа жыл қарсаңында түрлі мерекелік іс-шараларды жүзеге асыруда. Қала тұрғындары бүл күнді ерекше көңіл күйде өткізді.
Сонымен қатар, қала бойынша түнгі шарықшамдар, МАФ-тар, орнатылуда. Бұл жұмыстары әлі де жалғасатындығын хабарлаймыз.