Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.72 544.09 5.2

Бесқарағай ауданы бойынша 89,9 млн теңге АӘК-ке төленді

17-02-2023, 09:03 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл сома АӘК алушыларға 2022 жылдың IV тоқсанында төленді. Сонымен қатар балаларға кепілдік берілген әлеуметтік пакеттер қарастырылған. Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Бесқарағай ауданының әкімі Талғат Мұратов атап өткендей, 153 отбасыға АӘК тағайындалған.

– Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың арасынан 1 мен 6 жас аралығындағы 121 балаға 13 млн теңгеге кепілдік берілген әлеуметтік пакеттер берілді. Облыстық бюджеттен атаулы даталарға байланысты түрлі санаттағы азаматтарға 28,1 млн теңге бөлінді. Жалғызбасты қарттар, мүгедектер мен зейнеткерлерге 4,9 млн теңгеге тұрғын үй көмегі берілді, - деді Талғат Мұратов.

Сондай-ақ, үйде тәрбиеленіп, білім алатын мүгедектігі бар балалар арасынан 14 жәрдемақы алушыға 1,4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, I топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 33 жеке көмекшіге күтім ақысы ретінде 30,6 миллион теңге төленген.

- Бесқарағай ауданында «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 2022 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 31 адам (В, С, Д1 санатындағы 21 жүргізуші, 10 сатушы) қатысты. Сондай-ақ биылғы жылы жаңа бизнес-идеяларды ашуға 46 557,6 мың теңгеге 38 грант берілді,- деп түйіндеді сөзін аудан әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив