«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына генерал-майор Арман Жұмағалиев тағайындалды. Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды.
- Арман Мақсотұлы баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын курсант пен лейтненаттан генерал-майорға дейін, взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. Арман Мақсотұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтың жауынгерлік-қызметтік тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін,- деді Еркін Советбекұлы.
Генерал-майор Арман Жұмағалиев бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Тағыда оқыңыз
Азуын айға білеген АйзаПрезидент Бүкілармиялық кеңес өткіздіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҰлттық ұланда 2022 жылдың қорытындысы шығарылды«Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық әскери оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі аяқталды