Абай облысында «Достық – 2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Бұл аймақ басшылығының бастамасымен өткізіліп отырған алғашқы байқау. Марапаттау рәсіміне облыстың этномәдени бірлестіктері мен достық үйлерінің өкілдері қатысты.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың айтуынша, этносаралық диалогты дамытуда өңірдің этномәдени орталықтары ерекше жұмыс жүргізуде.
«Қазақ тілі» ҚБ вице-президенті Орал Шәріпбаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың жан-жақты қолдауының арқасында Достық үйі ұлтаралық келісім идеяларын кезең-кезеңімен нығайтуды жалғастыратынын айтты.
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев этномәдени орталықтардың өкілдеріне дипломдар мен ақшалай сертификаттарды табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында Шағангүл Жанаева, Айман Бөкпасарова, Антонина Клиновицкая, Жалил Ахунжанов, Гүлжихан Жұматаева, Орал Шәріпбаев, Сұлтан Картоев және басқалар бар.