Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Көкпекті ауданында қазақ күресінен турнир өтті

22-12-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауылында ұлттық спорт түрін кеңінен насихаттау мақсатында қазақ күресінен «Көкпекті барысы-2023» турнирі өтті. Турнирге Көкпекті ауданынан 50-ден астам спортшы қатысты.

Жарыс мектеп оқушылары арасында 2 салмақ дәрежесінде: 50 келіге дейін және 50 келіден жоғары, сондай-ақ 18 бен 35 жас аралығындағы және 36 жастан жоғары ересек палуандар арасында өтті.

Жарыс қорытындысы нәтижесінде студенттер арасында 50 келі салмақта бірінші орын - Руфат Құралбеков, екінші орын - Ерсін Капаров, үшінші орын- Азамат Қоңырбаев иеленді.

Студенттер арасында 50 келі салмақта бірінші орын - Әлімбек Әлімжан, екінші орын - Мирас Бигалиев, үшінші орын - Бауыржан Ахметкалиев ие болды. 18-35 жас аралығындағы ересектер арасында бірінші орын - Ерзат Арғынов, екінші орын - Дидар Тұқышев, үшінші орын - Диас Нұрғазинов иеленді. 36 жастан асқан ересектер арасында бірінші орын - Арман Изгуттинов, екінші орын - Дулат Турлыбеков, үшінші орын - Ермек Нұрлан ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы белбеумен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив