Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Ұлттық экономика вице-министрі Абай облысына жұмыс сапарымен келді

24-12-2023, 12:00 018.kz

Өңірге жұмыс сапары барысында Б.Құдайбергенов Семей қаласының «СемАз» ЖШС өндірісімен танысып, бірқатар нысандарды: «Зооветинститут», «35 квартал» қазандықтарын, №11 орта мектептің апатты ғимаратын аралап шықты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалардың сапасын бағалады. Атап айтқанда, ол Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылындағы бала бақшаға барды. Жобаның құны 96 млн теңгені құрайды. Нысан қолданысқа берілді.

Жалпы, өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша облыстың 42 ауылында 76 жобаны іске асыруға 8,5 млрд теңге бөлінді. Келесі жылы 7,8 млрд теңгеге 101 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан бөлек, вице-министр Бесқарағай колледжінің ғимаратында жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Шараға қатысушылар әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу, жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.

Өз кезегінде вице-министр азаматтар көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстар міндетті түрде қаралатынын атап өтті.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив