Жас сарбаздар халық қаһарманымен кездесті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық Қаһарманы генерал-майор Қайрат Үмбетов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына жұмыс сапары аясында 5511 әскери бөлімінің жас сарбаздарымен кездесті. Тағылымға толы шара мақсаты өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу, сонымен қатар мемлекет тарапынан әскери қызметішілерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау шараларын насихаттау.
Генерал-майор сарбаздардың Отан қорғау ісіндегі патриоттық тәрбиеге аса мән беретіндігін алға тартты. Сондай-ақ ол әрбір жауынгердің Жарғыға сай қызмет атқарып, ел басына күн туған шақта көзсіз ерлік жасауға дайын болу қажеттігін жете түсіндірді. Әскердің Бас тәрбиешесімен өткен жүздесуден ерекше әскер алған мерзімді әскери қызметшілер Қайрат Үмбетовпен естелік суретке түсіп, тарқасты.
ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі