Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Мәдениет және ақпарат министрлігінің 7 негізгі бағыты 2023 жылы дамуға жаңа серпін алды

26-12-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында және Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында айтқан тапсырмалары мен реформаларын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Министрліктің басым бағыттарының бірі - жастарды қолдау және оларды «Адал азамат» қағидаттары бойынша тәрбиелеу. 

Осыған байланысты ведомствоның қызметі ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру мен Әділетті Қазақстанды құруға белсене қатысатын өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға тұжырымдамалық түзетулер қабылданды, оның негізгі новеллаларының бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту екені белгілі.

2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Оны іске асыру жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, олардың білім беру және кәсіби өсуіне, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға ықпал етеді.

Биыл желтоқсан айында қазақстандық 19 жас «Дарын» мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сондай-ақ 30 жас «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы атанды. Елімізде прогрессивті жастарды қолдау және ынталандыру шаралары күшейтілетін болады.

Министрлік креативті индустрияны тиімді дамыту бойынша нақты шаралар қабылдауда.

Шығармашылық салаларды мемлекеттік қолдау мен дамыту пакеті әзірленуде. Осы орайда мәдениет, білім, салық, авторлық құқық және басқа да салаларға қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Заң жобасы дайындалып жатыр.

Бұл салада 95 мың адам жұмыспен қамтылған, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 32 мың бірлікті құрайды.

БҰҰДБ-мен бірлесіп, Қазақстанның Орталық Азиядағы креативті индустрияның әлеуетті көшбасшысы ретіндегі рөлін күшейту жөніндегі шаралар әзірленуде. Бұл бағыт халықаралық аренада креативті индустрияның дамуына оң серпін береді. Шығармашылық жобаларды іске асыру аясында 200-ден астам адам оқыды. Білім, сәулет және қала құрылысы саласында 5-тен аса жоба қаржыландырылып, 70 миллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды.

Отбасылық құндылықты арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

2023 жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өтті. Байқауға 10 жыл ішінде 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Ұлттық комиссияның қолдауымен республикалық Әкелер форумы өтті. Қазақстандық мерекелер күнтізбесі әкелер күнімен және аналар күнімен толықтырылды.

БҰҰ Халық қорымен бірлесіп, Астана және Шымкент қалаларында некеге дейінгі тегін кеңес беру және некені тіркеуге өтініш берген азаматтарды оқыту бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Өңірлердегі 68 орталық отбасыларға кешенді көмек көрсетеді. Орталықтар жыл басынан бері 100 мыңнан астам кеңес берді. Олардың қызметін стандарттау және отбасын қолайсыз әлеуметтік ортадан шығару бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау үшін министрлік ӨҚЖ үшін бірыңғай тұжырымдаманың жобасын әзірледі.  

Министрлік Президенттің белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде кешенді және жүйелі жұмыс жүргізуде.

Бірқатар заңнамалық бастамалар, соның ішінде «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы пысықталып, қабылданды. Әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы үкіметтік емес саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жүйені жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қоғамдық кеңестердің қызметін қайта форматтау қолға алынды.

Азаматтық сектор қызметінде оң динамика байқалады. Қазіргі таңда 23 мыңнан астам ҮЕҰ тіркеліп, оның ішінде 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Гранттық қаржыландыру жүйесі қайта форматталды.

Қоғамдық кеңестердің өкілеті кеңейтіліп, оның құрамы 90% жаңарды. Қазіргі құрамның 86%-ы – ҮЕҰ өкілдері, 10,1% - жастар.

Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, азаматтық қоғаммен бірлескен жүйелі реформалар қалыптасты.

Волонтерлік қозғалыс белсенділігі артып келеді. Қазақстанда жыл сайын 50-ден астам волонтерлік жоба іске асырылып, волонтерлік бастамаларды дамытуға 240 шағын грант бөлінеді. Елімізде 680 еріктілер ұйымында 240 мың адам бар.

Министрлік ұлттық бірегейлікті нығайту, мәдени мұраны жан-жақты насихаттау, тарих пен мәдениеттің бірегей ескерткіштерін әлемдік кеңістікке ықпалдастыру жөніндегі жұмысты күшейтті.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне Қазақстанның 10 тарихи-мәдени  ескерткіші енген. 2025 жылға қарай ҚР МАМ олардың санын 16-ға жеткізуді жоспарлап отыр.

Өңірлерде 44 мәдениет объектісінің, оның ішінде ауылдық жердегі мәдениет үйлерінің құрылысы кезең-кезеңімен басталды. Қазіргі таңда 22 нысан пайдалануға беріліп, 189 мәдениет нысаны жөнделді. 

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еңбегі сіңген бірқатар жазушыға "Қазақстанның Халық жазушысы" құрметті атағы берілді. Биыл 8 мәдениет қайраткеріне берілген "Халық әртісі" құрметті атағы да қайта қолданысқа енді.

Мәдениет және архив ұйымдарының 65 мың қызметкерінің жалақысы көтерілді. Үстемеақы келесі жылы да төленеді, ал 2025 жылы орташа лауазымдық жалақы шамамен 300 мың теңгені құрайды. 

30 жылда алғаш рет елдің екі музыкалық ұйымы мен үш білім беру мекемесінде бюджет қаражатынан музыкалық аспаптар алынды. Бұл бастама еліміздегі өнер иелерінің кәсіби және шығармашылық өсуі үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік театрлар түрлі жанрлар мен бағыттар бойынша 10 мыңнан астам спектакльді сахналап, 200-ге жуық жаңа қойылым қойылды. Театрларға 2 миллионға жуық көрермен келді. Елімізде және шетелде 800-ден астам гастрольдік сапарлар ұйымдастырылды.

Отандық кинематография саласы қуатты дамуға жаңа серпін алды. 2023 жылы мемлекеттік қолдаумен 18 фильмнің өндірісі аяқталып, тағы 19 жаңа киножоба іске қосылды.

Мемлекеттік қаржылық қолдау алған фильмдерді насихаттау және прокаттау, беделді киносыйлықтар үшін отандық фильмдерді ұсыну  жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін қолданыстағы "Кинематография туралы" заңға түзетулер пысықталуда.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда жалпы таралымы 4,3 млн. кітаптан тұратын 1183 туынды жарыққа шықты. Биыл отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылды.

Креативті индустрия саласында мемлекеттік қолдаудың жекелеген пакетін әзірлеуге және осы саланы дамытуға бағытталған шаралар қабылдануда. Креативті индустрияны қолдау және дамыту мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әзірленуде. Креативті индустрияны дамыту қорын құру бойынша жұмыс жүргізілді. Ондағы мақсат – креативті индустрияға жәрдемдесу және қолдау, таланттарды іздеу, қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнімдерді экспорттауға көмек көрсету және коммерцияландыру.

2023 жылы Қазақстанның медиа саласында айтарлықтай өзгерістер болды.

Биыл наурыз айында Мемлекет басшысының жарлығымен «Ақпараттық доктрина» бекітіліп, отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасалды.

Президент мемлекет мүддесі, қоғамның сұранысы мен медиасаласының даму үрдісін ескере отырып, сөз бостандығы, әсіресе шекара маңындағы аудандардағы журналистердің мәртебесін арттыру және тиімді мемлекеттік ақпараттық саясатты қамтамасыз ету мақсатында БАҚ туралы заңды қайта қарауға тапсырма берді.

«Масс-медиа туралы» заң жобасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарды біріктіре отырып әзірленді. Жұмыс барысында Еуропа елдерінің халықаралық тәжірибесі және БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның стратегиялық құжаттары жан-жақты зерттелді.

Заң жобасы 30 қарашада өткен Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданды.   

Сондай-ақ «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған заң жобасы әлеуметтік желідегі мәселелерді реттейтін халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнама мен құқықтық қамтамасыз ету тәжірибесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Алдағы жылдары балалар арасында танымал болған телебағдарламалар мен анимациялық өнімдер қазақ тілінде жарыққа шығады. Сонымен қатар министрлік интернет-кеңістікте балалардың мемлекеттік тілде шығармашылық контент жасауына ерекше көңіл бөледі.

Телерадио хабарларын тарату саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

2023 жылы Қазақстан халқының 93% - дан астамы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілді. "24kz" телеарнасын жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Телеарналарды шетелде таратуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Қазірдің өзінде "Хабар 24" арнасы Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия, Грузия, Германия, Өзбекстан және Түркіменстан аумағында қолжетімді.

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында 43 серия жарыққа шықты.

Қазіргі заманғы этносаралық ахуалды және Мемлекет басшысының елдің азаматтық бірлігін, жалпыұлттық бірегейлігі мен этноәлеуметтік тұтастығын нығайту жөніндегі алға қойған міндеттерін ескере отырып, министрлік этносаралық қатынастар саласында тиімді жұмыс жүргізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жұмыстары жүзеге асып,  қазақстандық этностардың тұтастығын қамтамасыз етудің негізгі институты ретінде ҚХА жұмысы жетілдірілді. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды интеграциялауға, сондай-ақ мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға және тағы да басқа бағытта 8 мың іс-шара ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚХА Ақсақалдар кеңесі құрылды. Өңірлерде 1100-ден астам Ақсақалдар кеңес жұмыс істейді. Олар 4 мыңнан аса іс - шара өткізді. Негізгі мақсаты - азаматтарды қоғамдық келісім құндылықтары төңірегінде шоғырландыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив