«Абай облысының Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев опера әншісі, ҚазССР және КСРО халық әртісі, «Мирас» қоғамдық ұлттық мәдениет қорының вице-президенті Бибігүл Төлегеноваға, еңбек ардагері, зейнеткер Қожағұл Тоқабаевқа, жазушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі Медеу Сәрсекеге, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мейрамхат Айнабековке, тыл және еңбек ардагері Хапас Дәуітов пен Дүйсен Сұлтановқа, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің белсендісі Артур Эккарт, спорт ардагері Ром Ильматовқа, журналист, «Тема недели» бағдарламасының авторы Вера Кропачеваға, еңбек ардагері, зейнеткер Маркен Шайжүнісовке төсбелгілерді табыс етті.
Белгінің өзі де ерекше мәнге ие. Ақ түс тазалықты, шексіздік пен әділдікті білдіреді. Көк түс бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың символы болып табылатын бұлтсыз көк аспанды бейнелейді. Алтын түс байлық пен кеңпейілділікті білдіреді. Медальдің ортасында Абай өңірінің сұлбасы бейнеленген. Оны қоршап тұрған жеті қыр аймақтың алуан түрлілігін және оның мәдениет, өнер, білім, ғылым, өндіріс және инновация сияқты даму жолдарын сипаттайды.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі