Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Shakarim university ғалымдары өңірдің дамуына зор серпіліс жасауда

28-12-2023, 09:21 SHAKARIM UNIVERSITY

Қатерлі ауру – қоғамның өзекті мәселесі. Семейде еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылған болатын. Shakarim University аталған орталықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеді. 

Осы ретте Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығында «Ғылым, білім және тәжірибе интеграциясы - сапалы денсаулық сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Жиынға Абай өңірінің үш жетекші жоғарғы оқу орнының өкілдері және орталық қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Шәкәрім университетінің Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жанар Қалибекқызы «Ғылыми ынтымақтастық: пәнаралық интеграцияның мүмкіндіктері» тақырыбында баяндама жасады.

Қатысушылар орталықты ғылыми-практикалық тұрғыдан дамытудың түрлі бағыттары жайында пікірлерді талқыға салды.

Мәселен, Шәкәрім университеті 2017 жылы «Техникалық физика» магистратура білім беру бағдарламасы аясында алғаш рет «Медициналық физика» траекториясын енгізді. Бұл траекторияда орталық базасында бейіндеуші және базалық пәндердің бөліктерін зерделеу көзделген. Сонымен қатар, университет магистратура мен докторантура негізінде бірлесіп маман дайындап келеді. Орталықтың қызметкерлері – кешегі ЖОО студенттері.

Орталықта заманауи технологияларды қолдана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің озық технологиялары қолданылуда. Білім ордасы ғалымдары орталық мамандарымен отандық ғылымның дамуына зор серпіліс жасауға әзір. Shakarim University өңірдің инновациялық дамуында ғылымның нақты сектормен байланысын қалыптастыратын экожүйе құруды жоспарға алды.

Айта кетерлігі, Шәкәрім университетінің 3 бірдей жас ғалымы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жыл сайынғы Мемлекеттік ғылыми стипендия конкурсының жеңімпазы атанды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив