Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

17-02-2023, 14:48 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 17 ақпанда ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заңжобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік секторды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын реттеу саясатының консультативтік құжаты қаралды. Заң жобасының консультативтік құжаттың негізгі ережелері туралы ұлттық экономика вице-министрі Ильяс Үсеров баяндама жасады. 

- Құжатты қарау барысында жиынға қатысушылар бірқатар мәселелер бойынша пікірталастырды. Комиссия мүшелері бірнеше тұжырымдамалық ескертулер берді. Оларды ескере отырып, консультативтік құжат әлі де елеулі пысықтауды талап етеді,- деді Азамат Есқараев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив