Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Аягөз ауданында жастарға арналған баспана бағдарламасы басталды

29-12-2023, 11:43 018.kz

Абай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда.

Осыған орай Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бағдарламасы қолға алынды.

Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Жеңілдікті несие «Отбасы Банкі» арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10% құрайтын банк салымы болуы керек.

Алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін баспана жас отбасыларға айтарлықтай қолдау болмақ.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив