Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай облысында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні аталып өтілді

15-04-2023, 19:42 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандықтар үшін осы ерекше күні Аягөз ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, махаббат бейнесін қалыптастыру мақсатында облыстық байқау өткізілді.

Байқауға қатысуға Семей және Курчатов қалалары, Абай, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Көкпекті, Жарма және Үржар аудандары өтінімдер берді. Осылайша, 7 аудан мен 2 қаладан келген үміткерлер өзара жарысты.

Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Абай Айдар Садырбаев атап өткендей, байқауды өткізу тек бәсекелестік, жарыс элементі емес, елеулі тәрбиелік мәнге ие.

– Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары  Аягөз ауданында орналасқан. Бұл мақтанатын, тәу ететін, тағзым жасайтын қасиетті орын. Шараны өткізбес бұрын барлық қатысушы мазардың басына барып, Қозы мен Баянға тағзым жасап қайтты. Өткізілетін іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен ділімізді өскелең ұрпақ арасында насихаттау, қазіргі ұрпаққа халқымыздың әдемі дәстүрлерін еске салғымыз келеді, - деп атап өтті Айдар Садырбаев.

Байқау 5 кезеңнен тұрды. Қатысушылар өздерің таныстыру,  шығармашылық өнерлерімен қатар зияткерлік бөлімі бойынша сынға түсті. Сонымен қатар, ұлдар күш сынасса, қыздар ұлттық нақыштағы киімде сән үлгісін көрсетті.

Қазылар алқасы сынға түскен жұптардың сахналық образ жасай білуі, сөз саптау шеберлігіне, бір-бірімен іс-қимыл үндестігіне, сахнада өзің ұстай білуіне, сонымен қатар киім мәдениетіне қарай бағалады. 

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені иленген Ақсуат ауданынан келген Мейрамбеков Мерей мен Баяхметова Аяулымға «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу – 2023» атағы берілді. Өз кезегінде жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын - Абай ауданынан келген Зейнелов Бакытжан мен Жұлдызбекқызы Жадыра; 

2 орын - Бородулиха ауданынан келген Хасенов Ринат пен Асимоханова Аяулым; 

3 орын - Жарма ауданынан Қасымбай Әкежан мен Ғалымбекова Диана.

Барлық қатысушы жұптарға сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив