Бәрінен бұрын қауіпсіздік: Абай облысында жаңа жылдық түн қалай өтті
Жаңа жыл қарсаңында құқық қорғау органдары өңірдегі құқықтық тәртіпті тәулік бойы қамтамасыз етеді. Мәселен, полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде мерекені жұмыс орнында қарсы алды. Осы түні Абай облысында 500 тәртіп сақшысы ауысымға келді.
Жаңа жылдық ауысымда «102»арнасына 94 шақыру келіп түсті, оның ішінде 10 қылмыс, 9 жол-көлік оқиғасы, сондай-ақ 7 отбасылық жанжал. Алайда, резонанстық қылмыстар мен оқиғалар тіркелмеген.
Абай облысының ДСБ ЖМК бригадаларының жалпы саны 58 құрады. «103» пультіне тәулігіне азаматтардан барлығы 1 053 өтініш түсті. Бірінші қаңтарда жұмысқа 58 жедел жәрдем бригадасы шықты.
Сонымен қатар, қарды тазарту, сондай-ақ трассаларды мұздан тазарту белсенді түрде жалғасуда.
Абай облысының жолдарында барлығы 43 техника жұмыс істейді. Оның ішінде 34 бірлік – республикалық маңызы бар трассаларда, 9-ы облыстық маңызы бар жол учаскелерінде.
Абай облысында Жаңа жылдық ауысымға 145 құтқарушы түсті. Қосымша 33 құтқарушы күшейтуге жіберілді. Құтқарушылармен бірге 59 бірлік техника қызмет атқарды, қосымша 21 қызметкер – күшейтілген қызметте.
Жаңа жылдың бірінші күніндегі жағдай бойынша кезекшілікте 129 адам, қосымша 32 құтқарушы – күшейту қызметінде.