Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Ел дамуының негізгі көрсеткіші – білім мен ғылым

3-01-2024, 11:18 SHAKARIM UNIVERSITY

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» республикалық газетіндегі сұхбаты еліміздің саяси,  экономикалық-әлеуметтік даму, мемлекетті басқару, ұлтаралық бірлікті сақтау стратегиясын айқындап, алдағы жаңа бағыттарды бекемдеп берді.

Елімізде халықтың әлеуметтік, құқықтық жағынан шешімін таппай қордаланып келген мәселелер Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында және  ұлықтау рәсіміндегі он басым бағытында атап көрсетілген. Сұхбатта аталған бағыттағы мәселелердің жылдам және әділ шешілуіне тағы да баса назар аударылды.

«Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс» деген жүрекжарды сөзі еліміздің әр азаматын еңбекқорлық пен адалдыққа, білім мен ғылымға үндейтіні сөзсіз.

Сұхбатта азаматтардың, әсіресе, балалардың құқығын қорғау, олардың әр түрлі адамзатқа жат қылықтардан жапа шегуін тоқтату мақсатында сот және құқық қорғау жүйесінің жұмысының белсенділігі мен жауаптылығын айқындап берді.

Қоғамның  дамуында білім мен ғылымның қозғаушы күш екендігі белгілі. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Бұл болашақ ұрпағымыздың қажетті біліммен сусындап, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті болуына бағытталған үлкен үрдіс деп есептеймін.

Осы мектептерді талапқа сай мұғалімдермен қамтамасыз етуде 90 жылдық тарихы бар,  педагог мамандардың «ұстаханасы» болып саналатын Шәкәрім университеті білім мен ғылым көшіндегі ақыл-ой майданында өзгелермен білім таласуға күші молынан жететін, рухы биік, текті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ауқымды үлес қосып келеді.

Отандық ғылымды дамытуда жоғарғы оқу орнының рөлі ерекше екендігіне Президентіміз үнемі көңіл аударуда. Бұл – оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысына, оның ішінде, қолданбалы ғылымға студенттерді баулу, магистранттар мен докторанттарды отандық ғылымның өркендеуіне үлестерін қосуға, ғылымдағы адалдықты бойына сіңіруге тәрбиелеу міндеті тұр.

Ф-м.ғ.д., Шәкәрім университетінің профессоры Берікханова Г.Е.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив