Тың өзгерістер жылы
Бүгін газет бетінде жарық көрген сұхбат, меніңше шын ниетімен оқыған адамның ой-өрісіне, рухани діл-тірлігіне әсер ететіне, ол Отанын сүюіне, бірлікке, тұрақтылыққа, әділдікке, саяси теңгерімде болуына қадам жасауына себеп болатынына еш күмәнім жоқ.
Екіншіден, кейбір күмән тудырып, азаматтарымызды теріс бағытқа тартатындардың амалдарын жоққа шығарып, елімізді оң бағытта болуын аңсайтын мемлекет басшысының пікірін ашық айтып, түіндіргені өте ұнады.
Үшіншіден, сайлауалды бағдарламада айтқан сөздері іспен үйлесуде екенінің куәсімін. Расындада Мәжіліс, мәслихаттар депутаттары жаңа ережемен сайланды. Енді ауыл, аудан, қала әкімдері тікелей сайлануда.
Төртіншіден, Президент жанында құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде талқыланған әлеуметтік мәселелер өз ретінде шешімін табуда. Ең төменгі жалақы 85 мың, 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан қаржы бөлу заңданып, тұлғаларға (үлкендерге) құрмет көрсету жалғасатын, жерлестеріміздің Рухани байлығын арттыру үшін көптеген кітаптар жарық көретін, әрі зиянды мекемелерде еңбектенетін азаматтар арнайы төлемақы алатын болды.
Бесіншіден, тәуелсіздігімізге қатер тудырамыз дегендердің, әсіресе Қаңтар оқиғасын ұйымдасқандардың аузына құм құйылды. Бейбіт шеруге тиым салынбайды, жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қойылады. Ата Заң өзгермейді. Президент тек жеті жылға сайланады.
Жаңа 2024 жылда осы қадамдардың іске асуының куәсі болайық.
Зейнолла Тоқаев
Шәкәрім университетінің профессоры