Өркендеу жолындағы өзгерістер жалғасады
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетінің редакторы Дихан Қамзабекұлына берген сұхбатында қоғамды толғандыратын өзекті мәселерді талдай келе тұщымды ойлар айтты. Мәселен, өткен жылы әділдік және экономикалық тұрғыдан әртараптанған, инфрақұрылымды жаңғырту, инвестиция тарту мәселелері қолға алынып, әлеуметтік тұрғыдан арнайы төлемақылар енгізілді. Ал, енді 2024 жылы қандай келелі істер атқарылмақ...
Жалпы ішкі өнімді екі есеге арттыру, ұлт мүддесін қорғауды ұстана отырып сындарлы әрі салиқалы саясат жүретінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, қаңтар оқиғасына себеп болған жағдайларға тоқталып, осыдан сабақ алатын ел игілілігіне қажетті мәселелерді айқындап берді. Мемлекет басшысының баса назар салып айтып кеткені – заңның мүлтіксіз орындалу қажеттігі, демократиялық реформалар жасау, адам құқықтарын қорғау жөнінде алға ілгерлеуіміз керек. Оған қоса, халық әлеуетін көтеру, тұрмыс сапасын жақсарту, ел экономикасын тиімді басқару жөнінде екі мәселеге тоқталып өтті.
Сондай-ақ ғылым-білім саласына айрықша мән берілетінін атап өтті. Әсіресе шетелдік жоғары оқу орындары мен институттармен біріккен бағдарламалар, ғылыми жобалар жасау, біліктілікті көтеру, шетелдік ғалымдармен пікірталас тудыру мәселері алға қойылуға тиісті. Сұхбатта ауылшаруашылық саласында атқарылатын іс-шараларға, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігіне аса көңіл беру керектігі басымдылықпен айтылды. Қоғамда еңбекқорлық, білімпаздық, жаңашылдық, іскерлік, адалдық,отаншылдық қасиеттер мен құндылықтар басты бағытқа айналуы тиіс деген тұжырымды ұсынды.
Қорыта келе, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2023-те болған маңызды мәселелерді талдай келе, 2024 жылы іске асатын іс-шараларды айқындап берді. Бұл шаралар міндетті түрде еліміздің алға қарай жылжып, өркендей түсуіне жол ашады деген сеніміміз мол.
Шәкәрім университетінің профессоры
Серғазы Дүйсембаев