Бөрітостаған
Ақсуат өңірінде ерекше бір тас бар, ол сіз ойлағандай жай тас емес, айдалада жатқан алып тас, Бөрітостаған тасы десе, кейбіреулер оны «Бөрітостаған» деп атайды.
Ерте заманда Тарбағатайда алып кемпір өмір сүріпті. Ол осы мидай далаға отар қой-ешкісін жаюға келеді екен. Күндердің бір күнінде тосыннан бөрілер шауып, кемпір мен оның қойларына маза бермей қойса керек. Ашуланған алып әжей ұршығының тасын алып, қасқырлар ентелеген тұсқа лақтырып жібереді. Өзі үлкен кемпірдің ұршығының да тасы сондай үлкен болса керек. Айдаладағы Бөрітостаған сол ұршықтың тасы деседі жұрт. Халық тіпті Бөрітостағанды ертегідегі Толағайдың өзі Қалбатауынан әкелген тас деп те жатады. Тасты зерттеген жергілікті математиктің айтуынша, бұл тас аспаннан түсіп кеткен қатты пергаменттік дене. Ол метеориттердің қопарылуынан өз ұясынан жылжып, жерге құлауы әбден мүмкін. Себебі, тастың құрамына жасалған арнайы тексеріс оның метеорит екенін дәлелдеп берген. Ал геологтар болса, тасты мол су көзінің үстінде тұрғанын айтады, оған жергілкті халық та келісетін секілді. Себебі тас арасы әрдайым ылғал болып жатады.