Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Курчатов қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

17-02-2023, 17:36 018.kz

Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй және қоғамдық көлік мәселесі бойынша жүгінді.

Тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінген азаматқа тізімге енгізілген азаматтарға қолданыстағы заңнаманы сақтай отырып, кезекпен үй берілетіні, заңды аттап өтіп ешкімге кезектен бұрын үйдің берілмейтіні түсіндірілді.  

Қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша ТКШ бөлімі 2018 жылдан бастап қалаішілік тасымалдауды жүзеге асыруға бірнеше рет конкурстық рәсімдер жүргізді, бірақ маршруттың тиімсіздігіне байланысты конкурсқа қатысуға өтінімдер түскен жоқ. 

Сондай-ақ, 2019-2022 жылдар аралығында облыстық мәслихаттың сессиясына маршрутты кейіннен субсидиялау үшін әлеуметтік маңызы бар деп тану туралы өтінімдер берілді. Алайда, өтінім қалаішілік маршруттар кемінде екі жыл тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс екендігіне байланысты қолданылмады. Сондықтан ағымдағы жылы Курчатов қаласы бойынша қалаішілік тасымалдарды жүзеге асыруға конкурс жарияланады.

Наргиз АЙДЫН

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив