Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Ақсуат ауданында 300 орындық мектептің құрылысы басталды

5-01-2024, 17:04 018.kz

Аудан орталығы Ақсуат ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуына барлық инфрақұрылымдық жағдай жасалады.

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан аудан әкімінің орынбасары Ерсін Ескендіров құрылыс компания өкілдеріне құрылысты жобаға сәйкес мерзімінде жүргізуді және сапалы аяқтауды тапсырды.

Айта кету керек, Ақсуат ауылында салынатын мектептің қаңтар айына қойылған жоспарына сәйкес: іргетас шұнқұрын қазу жұмыстары, бетонасты табанын құю, мектеп қоршауының бойында бейнекамераларды орнату, уақытша электр қуатының трансформаторын орнату, су жүйесін кіргізу, құрылыс нысандарын, жарық шамдарды орнату, мектеп аумағындағы жолдарды жасау, мектеп құрылыс паспортын орнату жұмыстары атқарылмақ.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив